Қазақстан электр қуатының тапшылығына ұшырауы мүмкін

Сурет: Zakon.kz
Брифингте ҚР Энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетов Қазақстанда электр қуаты тапшылығы туындауы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жүріп жатқан тұтыну динамикасына сәйкес 1-1,5 млрд кВт/сағ көлемінде электр энергиясының тапшылығын күтуге болады, орташа есеппен 300 МВт болуы мүмкін. Энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетов

Оның айтуынша, бұған дейін Қазақстан еліміздің оңтүстік өңірлеріне Қырғызстандағы Тоқтағұл су қоймасынан су жеткізу туралы келіссөздер жүргізіп жатқан болатын, өз кезегінде Қазақстан жағы жылу беру маусымында Қырғызстанға электр қуатын беретін болды.

«KEGOC» АҚ болжамы бойынша, Қырғызстанға жеткізу жалғасатын болса, онда бұл электр қуатын 1-1,5 млрд кВт/сағ көлемінде ауыстыру қажет болады. Тағы да, бәрі біздің қазақстандық станциялардың қыста жұмыс істеуге қолайлы техникалық жағдайына байланысты. Энергетика вице-министрі

Сондай-ақ, ол тұтынушыларды қамтамасыз ету тиісті министрліктің, жүйелік оператордың міндеті екенін және барлық тұтынушылардың электр энергиясымен толық қамтамасыз етілетінін қосты.

Егер тапшылық көлемдерін болжайтын болсақ, онда жеткізу Қазақстанға электр энергиясын жеткізуге мүмкіндігі бар елдерден (бұл Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан) жүзеге асырылады. Жандос Нұрмағанбетов
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз