Қытайда қатты ыстыққа байланысты қауіптің қызыл деңгейі жарияланды

Еліміздің Орталық метеорологиялық департаменті әртүрлі аймақтарда ауа температурасының жоғарылауына байланысты 28 күн қатарынан түрлі қауіп деңгейін жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

ТАСС агенттігінің хабарлауынша, 17 тамызда Шэньси, Аньхой, Хубэй, Хунань, Цзянси, Чжэцзян, Фуцзянь, Сычуань, Гуйчжоу, Гуанси-Чжуан автономиялық провинцияларының бірқатар аудандарында ауа температурасы 39-40 градусқа дейін көтеріледі деп күтілуде. Аймақ, сондай-ақ Шанхай және Чунцин қалаларына да қатысты.

Янцзы өзені бассейнінің кей жерлерінде қатарынан 20 күннен астам жауын-шашын болмағаны, ауа температурасының тым жоғары болған күндердің саны 30-дан асқаны атап өтілді. Сычуань, Хубэй, Хунань, Аньхой және Цзянси провинцияларында, сондай-ақ Чунцин қаласында аптап ыстықтан ауылшаруашылық алқаптары қатты зардап шекті, шамамен 830 мың адам ауыз суға қол жеткізуде қиындықтарға тап болды.

Синоптиктердің болжауынша, алдағы аптада Сычуань провинциясының кей жерлерінде, Чунцин қаласында, сондай-ақ Янцзы өзенінің орта және төменгі ағысы аймағында аптап ыстық пен жауын-шашынның болмауы сақталады.

Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: