Алматы тұрғыны зейнеткер анасын қатты соққыға жыққаны үшін бас бостандығынан айырылды

Сурет: Zakon.kz
Мамыр айында әлеуметтік желіде Алматыда зейнеткердің соққыға жығылған сәті түсірілген видео тараған болатын. Кейін белгілі болғандай, видеода ене мен келін арасындағы жанжал, оның барысында 50 жастағы ұлының 74 жастағы анасын қатты соққыға жыққаны бейнеленген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қылмыстық істі Алатау аудандық соты қарады.

Сот барысында сотталушы Александр Смирнов анасын қалай ұрғаны есінде жоқ екенін айтып, енді мұндай жағдай қайталанбайтынын айтып, кешірім сұрады. Алайда егде жастағы әйел баласын кешірмейтінін айтты.

Сот үкімімен Александр Владимирович Смирнов баптың 2-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 107 бабы бойынша 1 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалып, пробациялық бақылау белгіленсін. Алатау аудандық сотының судьясы Гүлзат Шардарбекова

Үстіміздегі жылдың мамыр айында көшеде ер адамның егде әйелді аяусыз соққыға жыққан видеосы Қазнетті елең еткізді.

Кейін белгілі болғандай, 74 жастағы анаға шабуыл жасаған ұлы. Оған әйелімен жанжал себеп болған. Кейін ер адам сотқа дейінгі тергеп-тексеруге дейін қамауға алынды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады