Вайнер Мейіржан Төребаев 18 қыркүйекке дейін қамауда қалды

Сурет: Instagram/meirzhach_tv
Вайнер Мейіржан Төребаевқа қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы 30 тәулікке ұзартылды. Бұл туралы Алматы қалалық сотының баспасөз қызметінен мәлім, деп хабарлайды Zakon.kz.

17 тамызда күдіктіні іс материалдарымен танысу кезеңінде қамауда ұстау мерзімін 30 тәулікке, яғни 18 қыркүйекке дейін ұзарту туралы өтінішхат қанағаттандырылды, деп хабарлады қалалық сот.

10 ақпанда Төребаев пен Шерниязовқа қатысты «Қаржылық (инвестициялық) пирамиданы құру және басқару» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалғаны белгілі болды.

Сәуірдің 11-і күні Нұр-Сұлтанда қаржы пирамидасының қатысушысы Ішкі істер министрлігі ғимаратының алдында өзін-өзі өртеп жіберді. Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев оқиғаға түсініктеме бере отырып, жәбірленуші тергеу органдарына қысым көрсету үшін өзін-өзі өртеп жібергенін айтты.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Желідегі видео: жолда көліктерімен ойына келгенін істеген топ жас полицияға жеткізілді

Селин Дион ауыр дерттен кейін сахнаға оралды

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Трамп: Ресей мен Украина энергетикалық нысандарға соққы бермеуге келісті