Аргентинада мыңдаған адам шеруге шықты

Сурет: pixabay
Демонстранттардың басты талабы – жалақыны көтеру, жұмыссыздар мен кедейлерге жәрдемақыны көбейту, деп хабарлайды Zakon.kz.

Олар билікті сыртқы қарыздарға жұмсалып жатқан ақшаны елдің ең кедей топтарына бөлуге үндеді.

Шеруді кәсіподақтар мен солшыл қозғалыс өкілдері ұйымдастырған. Айта кетсек, Аргентина экономикасы қиын кезеңді бастан өткеріп жатыр.

Өткен айда инфляция соңғы 20 жылдағы ең жоғары көрсеткішке жеткен.

Ал наурызда ел үкіметі Халықаралық валюта қорымен 44 млрд доллардай қарызды қайта құрылымдау туралы келісімге қол қойды.

Оның ішінде инфляцияны төмендету мақсаты да бар.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қарашада үш жұлдыз белгісінің өмірі түбегейлі өзгеруі мүмкін

Қазақстанның бірнеше өңірінде жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады

"Қазгидромет" Алматы мен тағы бір қала тұрғындарына ескерту жасады

Қазақстан мен Тәжікстан 14 құжатқа қол қойды

Алматыда Меладзе концертіндегі жанжалға қатысқан әйелдер жазаланды