54 алаяқтыққа қатысы бар алматылық жұп ұсталды

Сурет: Zakon.kz
Қылмыстық кодекстің бірден бес бабы бойынша 35 жастағы рецидивист пен оның 36 жастағы серігіне қатысты қылмыстық іс тергелуде. Жұп жалған құжат жасау және алаяқтық жасады деген күдікке ілінген, деп хабарлайды Zakon.kz.
Күдіктілер алдау және сенімге қиянат жасау арқылы ұялы байланыс операторларының бірінің 10 миллион теңгеден астам мүлкін заңсыз иемденіп алған. Олардың алдау жоспары 2021 жылдың желтоқсан айында туды. Олар жалған жеке куәлік арқылы еліміздің әр өңірінен несиеге ұялы телефон сатып алған. Сонымен қатар, олар мобильді құрылғылардың белгілі бір үлгілерін сату үшін арнайы науқандарды пайдаланды. Тергеудің осы кезеңінде 54 алаяқтық дерегі анықталды, – деді Бостандық аудандық Полиция басқармасының бастығы Ғалым Қасымбаев.

Айтпақшы, осыған ұқсас қылмыстарды жасағаны үшін 35 жастағы М. есімді азамат бұрын да бірнеше рет сотталған.

Қазір ҚР ҚК-нің 392-бабы 1-бөлігі, 28-бабы 5-бөлігі, 385-бабы 2-бөлігі, 190-бабы 3-бөлігінің 4-тармағында көзделген қылмыстық іс сотқа жолданды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы