65 жастан асқандар мен созылмалы ауруы бар адамдарға да үйден шығуға тыйым салынуы мүмкін, деп жазады qazaqstan.tv.
Көбіне 65-70 жастағылар жиі жұқтырып жатыр. Тіпті менің таныс, көршілерімінің бәрінен вирустың жаңа штамы анықталған. Сондықтан вакцина салып, үйде отырған дұрыс деп ойлаймын. Александр Яковлев, қала тұрғыны
Ресейге әуе арқылы келетін Қазақстан азаматтары 48 сағат бұрын ПТР тест тапсыруы тиіс. Олай болмаған жағдайда ұшаққа отырғызылмайды. Көптеген компания қашықтан жұмыс істеу режиміне көшті. Өйткені Мәскеу мен Санкт-Петербург қалалары індет жұқтыру бойынша көш басында. Ал коронавирус жұқтырғандарға арналған ауруханалар 90 пайызға толған. Иммунологтар қыркүйек айында коронавирустың жаңа толқыны күтілетінін айтады.