Алматыдан әкелінген жираф Ташкент хайуанаттар бағында өліп қалды

Сурет: Instagram/tashkent_zoo
Алғашында Алатау атты жирафтың тәбеті қашқан, ол арықтай бастағаны белгілі. Ветеринарлар ас қорыту процесін жақсарту үшін симптоматикалық ем жүргізді, бірақ одан ештеңе шықпады. Жануар 20 тамызға қараған түні өлген, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазіргі уақытта ветеринария департаменті өкілдерінің қатысуымен жануарға сараптама жүргізілуде. Барлық қажетті патологоанатомиялық материалдар жануарлар ауруларына қарсы мемлекеттік ветеринариялық орталығының зертханасына жіберілді. Юнусабад ауданының ветеринария және мал шаруашылығын дамыту бөлімінің басшысы Шавкат Ғабдулхақов

Белгілі болғандай, барлық зертханалық зерттеулердің нәтижесін алғаннан кейін соңғы диагноз қойылып, жануардың не себепті өлгені анықталады.

Алатау 2016 жылы үш жасында Алматы хайуанаттар бағынан әкелінгені хабарланды.

Қонақтарымыз бен қызметкерлеріміздің сүйікті жануарларының бірі жирафымыздың қайтыс болуына Ташкент зообағының бүкіл ұжымы қатты қайғырады. Алатау біздің жүрегімізде мәңгі сақталады, деп хабарлайды хайуанаттар бағының баспасөз қызметі.

Қазақстан
Өзбекстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты