Алабай Павлодарда өтіп бара жатқандарға шабуыл жасады

Сурет: pixabay
Полицейлер ит иесін жауапқа тартты. Полицейлердің қызметтік қару қолдану фактісі тексерілуде, деп хабарлайды Zakon.kz.

Павлодар облыстық ПД мәліметінше, 21 тамыз күні сағат 06:31-де белгісіз ит адамдарға қарай жүгіргені туралы хабарлама түскен. Оқиға Бекхожин көшесінде сауда үйлерінің бірінің артында болған.

Оқиға орнына жеткен полицейлер алабай тұқымды, өтіп бара жатқан адамдарға қарай жүгіріп, өзін агрессивті ұстаған итті көрген.

Ер адам полицияға жүгініп, бұрын бұл ит әйелге, кейін өзіне шабуыл жасағанын айтты. 33 жастағы жәбірленуші – ПД қызметкері. Оң білегінен жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.

Полиция қызметкері Ерсін Шахманов ПМ-9 мм қызметтік қаруын қолданып, екі рет оқ атқан. Ит тірі және ветеринарға жеткізілді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі