Қостанайда мейрамхана маңындағы төбелес пышақ жарақатымен аяқталды

Сурет: Zakon.kz
Полицейлер жанжалдың кешке бір компанияда болған таныстары арасында шыққанын анықтады. Зардап шегуші ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оны пышақтап кеткен ер адам оқиға орнынан бой тасалаған. Полиция қызметкерлері барлық қажетті шараларды қабылдады. Сол күні күдікті ұсталып, кінәсін мойындап, қылмыс жасаған қаруы тәркіленді. 32 жастағы ер адамға қатысты алдын ала тергеу аяқталғанша елден шықпау туралы жазбаша міндеттеме түрінде шара қолданылды», - деп түсіндірді Оңтүстік полиция департаменті бастығының міндетін атқарушы Азамат Оспанов.

Қазір 41 жастағы жәбірленуші Қостанай қалалық ауруханасының хирургия бөлімінде жатыр. Іш қуысының жарақатын алған, қазір жағдайы тұрақты.

Бұл факт Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiнің 106 бабы, 1-бөлігі "Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру" бойынша тіркелген.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада Құрылтай сайлауы күні 25 сәби дүниеге келді

Құрбысы екеуі мотоциклмен келе жатып арқанға соғылған: Риддерде оқушы қыз қаза тапты

Самокат енді ойын-сауық құралы емес: Бас прокуратура қазақстандықтарға жаңа ережелерді еске салды

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді

Қазақстанда кредит қайта кешіріле ме