27 тамызда кей өңірлерде аптап ыстық болады

Сурет: unsplash
Синоптиктер 27 тамызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Еліміздің солтүстік, шығыс өңірлеріндегі ауа райын циклон жырасы және онымен байланысты жауын-шашын, найзағай, солтүстік батыста түнде және таңертең тұман болуына ықпал ететін атмосфералық фронттар айқындайтын болады. "Қазгидромет" РМК

ҚР қалған аумағында әлі де бұлтты және құрғақ ауа райын сақтай отырып, ауқымды антициклон жотасы үстемдік етеді.

Республика бойынша кей жерлерде жел күшейеді.

Қызылорда, Түркістан облыстарының басым бөлігінде, Атырау облысының батысы мен шығысында, Батыс Қазақстан, Абай облыстарының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Күндіз Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының басым бөлігінде қатты ыстық күтіледі."Қазгидромет" РМК

Нұр-Сұлтан қаласында көшпелі бұлт шығады, күндіз жаңбыр, найзағай болады. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, күші түнде 3-8, күндіз 9-14 м/с болады. Ауаның температурасы түнде +11+13°С, күндіз +25+27°С болады.

Алматы қаласында көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жел 2-7 м/с болады. Ауаның температурасы түнде +12+14°С, күндіз +26+28°С болады.

Шымкент қаласында көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз болады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 8-13 м/с болады. Ауаның температурасы түнде +14+16°С, күндіз +31+33°С болады.

Қазақстан
Шымкент
Алматы
Нұр-Сұлтан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу ережелері жаңартылды

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!

Айына 8,7 млн теңге: қазақстандықтар қандай жалақыға жұмыс істеуге дайын

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

Қытай сапары: БҚО әкімі Нариман Төреғалиев Ляонин провинциясы партия комитетінің хатшысымен кездесті