Алматы мен елордада қанша студент жатақханаға мұқтаж екені белгілі болды

Сурет: pixabay
Ғылым және жоғары білім вице-министрі Талғат Ешенқұлов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты , деп хабарлайды Zakon.kz.
Жаңа оқу жылында жатақханаға мұқтаж студенттердің саны 89 мың болады деп болжанып отыр. Ең үлкен қажеттілік Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларында болып отыр. Алматыда 37 мың орын, елордада 14855 орын қажет болып отыр. Жатақханалардағы орын тапшылығы мәселесін шешу үшін 30 ЖОО қонақүйлер мен хостелдермен келісімшартқа отырды. Ол бойынша 16 мыңнан астам орын жасақталды, - деді ол.

Ешенқұловтың айтуынша, 2018 жылдан бастап жатақхана салу жұмыстары жүргізілді, деп жазады BAQ.KZ.

Осы бастама барысында ЖОО-да 20700-ден астам орын дайындалды. Оның барлығы 93 нысанда жұмылдырылды. 2022 жылы 6 нысан пайдалануға берілді. Жаңа оқу жылында бакалавриат стипендеиясы 20 пайызға, магистратура мен докторантура стипендиясы 15 пайызға артты, - деді Талғат Ешенқұлов.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Құрылтай регламенті: депутаттар қандай тәртіппен жұмыс істейді