Шетелдік онлайн платформалар мен мессенджерлердің тізілімі қалай жүргізіледі

Сурет: pexels
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің 24 тамыздағы бұйрығымен шетелдік онлайн-платформалар мен жедел хабар алмасу қызметтерінің заңды өкілдерінің тізілімін жүргізу қағидасы бекітілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тізілімді қалыптастыруды және жүргізуді уәкілетті орган (министрлік) шетелдік онлайн-платформаның немесе жедел хабар алмасу қызметінің иелері немесе өзге де заңды өкілдері электрондық пошта арқылы оған берген ақпарат негізінде жүзеге асырады. Алынған мәліметтер 7 жұмыс күні ішінде тізілімге енгізіледі.

Әрбір тізілім жазбасы мынадай ақпаратты қамтиды:

Тізілім электронды түрде қазақ және басқа тілдерде жүргізіледі. Тізілім жазбалардың жасалған күні мен уақытын көрсете отырып, тізілім жазбаларындағы өзгерістердің жекелендірілген тарихын сақтайды.

Тізілімнен мәліметтерді жоюға жол берілмейтіні көрсетілген. Бұйрық 2022 жылғы 11 қыркүйекте күшіне енеді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді