Жоғалған 16 жастағы ақмолалық елордадағы дәмханалардың бірінен табылды

Сурет: Zakon.kz
Қосша полициясына хабарлама түсті: 16 жастағы Томирис сұлулық салонынан шығып кеткен, содан бері оның қайда екені белгісіз болған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қыздың ұялы телефоны болмаған. Ол кіріс қоңыраулар мен хабарламаларға жауап бермеді. Туыстары психикалық денсаулығына байланысты Томиристің бағдары бұзылып, өз бетімен үйіне қайта алмайтынын айтты.

Жоғалған адамды іздеуге полиция қызметкерлері дереу жіберілген. Іздеуге тұрғындар белсене қатысты. Шамамен 4 сағаттан кейін Томирис астаналық дәмханалардың бірінен табылды.

Белгілі болғандай, осы уақыт бойы бойжеткен Қосшы қаласынан шығып, жүре берген. Елордаға жетіп, жақын дәмханаға кірген. Ал онда абдырап қалған жасөспірімді даяшылар байқады.

Дәмханадағылар қыздың үйіне жол таба алмағанын байқап, дереу полиция шақырған.

Қосшы қалалық ЖПҚ ювеналды полиция қызметкерлері көрсетілген мекенжайға кетіп, Томиристі ата-анасына қайтарды. Ол қазір отбасымен бірге.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

5 қарашадағы Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Қазақстанда әскери билеттерді беру тәртібі өзгерді

Алматы мен Шымкентте күн жылынады: ауа температурасы +25 градусқа дейін көтеріледі

Бес елдің ғалымдары Аралды қалпына келтірудегі фосфогипстің әлеуетін бағамдады

Мұғалімдерді бағалаудың жаңа өлшемі енгізіледі