Қаралы қаңтар: Әділет министрлігі рақымшылық жасау тәртібін түсіндірді

ҚР Әділет вице-министрі Алма Мұқанова қаңтардағы тәртіпсіздіктерге қатысушыларға рақымшылық жасау тәртібі туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Мәжіліс кулуарында вице-министр рақымшылық жасау нормалары тиісті заңда қамтылатынын атап өтті.

Енді іс-әрекет алгоритмі бойынша мемлекеттік органдар Қылмыстық кодекстің баптарын, баптарының бөліктерін қарастыратын заң жобасын әзірлеуі керек. Одан әрі бұл заң жобасы басқа да заң жобалары сияқты Парламентте қаралып, қабылданады. Осыдан кейін ғана рақымшылық жасалады. Қалай десек те, норма жасау жұмысы атқарылады.Қазақстан Республикасы Әділет вице-министрі Алма Мұқанова

Вице-министр нақты бір мерзімді айтқан жоқ. Ол тек Әділет министрлігі үкіметпен бірлесіп, осы бұйрықты орындау бойынша ұсыныстар жинауға кірісетінін айтты.

Мұның барлығы "Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асырудың жалпыұлттық жоспары" деп аталады. Онда мемлекет басшысы айтқан әр сөз ресімделеді, ол қалай іске асырылатыны, жауапты орындаушы кім болатыны, тең орындаушы кім болатыны және орындалу мерзімі бәрі белгіленеді.

1 қыркүйекте президент Қасым-Жомарт Тоқаев қаңтар оқиғасына қатысушыларға бір реттік рақымшылық жариялады. Дегенмен қаңтар оқиғасын ұйымдастырғандар, мемлекетке сатқындық жасағандар бұл рақымшылыққа ілінбейді.

Бас прокуратура рақымшылыққа ілінетіндердің тізімін дайындап жатқанын хабарлады.

Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: