Оңтүстік Корея мен Жапонияны "Хиннамнор" тайфуны әбігерге салды

Сурет: pixabay
Оңтүстік Кореяда "Хиннамнор" тайфуны салдарынан 3,5 мың адам эвакуацияланды. Екі адам қаза тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Хиннамнор" Тынық мұхитында 28 тамызда тропикалық дауыл ретінде пайда болды. Тайфун ішіндегі желдің жылдамдығы 40 м/с, екпіні 60 м/с жетеді. Ол оңтүстік жапон аралдарына жақын солтүстік бағытта қозғалып жатыр.

Бүгінде 100 мыңнан астам адам қауіпсіз жерге көшірілді.

Жапонияда "Хиннамнор" тайфуны салдарынан 130-дан астам рейс тоқтатылды. Фукуока мен Кумамото арасында Шинкансен экспресс пойыздары тоқтатылды.

NHK телеарнасының хабарлауынша, Жапонияда Хиросима мен Хаката станциялары арасындағы учаскеде де көлік қозғалысы тоқтатылды. Басқа желілерде пойыздар ұзақтау аралықпен жүреді.

Сонымен қатар Жапонияның кей жерлерінде қатты жаңбыр жауды. Кочи префектурасының Тоса қаласында сағатына 67 миллиметр жауын-шашын тіркелді.

Қытай

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео

"Өрт қаупі жоғары". Еліміздің барлық дерлік өңірінде дауылды ескерту жарияланды

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді