Ауыл шаруашылығы министрлігінің басшысы Қостанай облысында егінге зақым келген жоқ деп сендірді

Сурет: Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі
Сенат отырысында ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев Қостанай облысында өрттен егінге зақым келген жоқ деп сендірді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Ауыл шаруашылығы министрлігі басшысының айтуынша, Қостанай облысындағы өрт кезінде егін алқаптары зардап шеккен болса, олар мардымсыз болған.

Қазір комиссияның соңғы қорытындысын күтіп отырмыз. Бұл азық-түлік қауіпсіздігіне ешқандай әсер етпейді. Сондықтан егін жиналды, ысырап жоқ. Ербол Қарашүкеев

Министрдің айтуынша, қазірдің өзінде ел бойынша егіннің 60 пайызға жуығы жиналды.

2 қыркүйекте Қостанай облысының екі орман шаруашылығының аумағында өрт шықты, оның аумағы 4 қыркүйекте 43 мың гектардан асты. Бірнеше ауданның тұрғындары эвакуацияланды. Өрт салдарынан 12 адам зардап шекті, біреуі қаза тапты. Төтенше жағдайға байланысты Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өңірге жұмыс сапарымен барып, Әулиекөл ауданындағы дала өрттерін жою жұмыстарының барысын бағалады.

7 қыркүйек күні сағат 15:00-де ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің басшысы Юрий Ильин Қостанай облысы Әулиекөл ауданындағы табиғи өрттердің локализацияланғанын айтты.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Жауын-шашын түсіп, көктайғақ болады". Дүйсенбіде еліміздің 17 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Ұлытау облысында жыл басынан бері дрифт жасаған 14 көлік жүргізушісі жауапқа тартылды

1200-ден астам құқық бұзушылық: Астанада жаппай рейд жүріп жатыр

Оңтүстік Кореяның білім министрі ЖИИ-мен байланысты даудан кейін отставкаға кетті

Қазақстандық пара спортшы Малик Мұқашев таеквондодан әлем чемпионы атанды