Павлодар облысында мектеп формасының 7 үлгісі талапқа сай келмейтін болып шықты

Павлодар облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкестігін зерттей отырып, тамыз айында өңірдің сауда объектілерінде бақылау жүргізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бақылау барысында түрлі жастағы балаларға арналған мектеп формасының 10 үлгісі іріктеліп, Ұлттық сараптама орталығының Павлодар қаласындағы филиалына зерттеуге жіберілді. Нәтижесінде бұзушылықтар форманың 7 үлгісінде анықталды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті хабарлады.

Мысалы 7 сынама балалар мен жасөспірімдерге арналған киімді таңбалауға қойылатын талаптарға, 5 сынама гигроскопиялық көрсеткіш бойынша сәйкес келмеді. Айта кету керек, ТР ТС 007/2011 "Балалар мен жасөспірімдерге арналған өнімдердің қауіпсіздігі туралы" талаптарына сәйкес, функционалды мақсатына сәйкес киім мен бұйымдар 1, 2 және 3-қабат тауарына бөлінеді,

Алайда жүргізілген сараптама қорытындысы бойынша мектеп формасының іріктелген 10 үлгісінің 5-інде гигроскопия 1,2%-дан 3,4%-ға дейін ауытқиды. Бұл белгіленген нормадан айтарлықтай төмен (мектеп тобы үшін кемінде 7%). Сәйкессіздіктер "Технобренд", "Техноткань", "Raila collection", "Soliha collection" (Қырғызстан), "Danne Jeke" (Өндіруші ел көрсетілмеген) сияқты сауда белгілерінде анықаталып отыр, - делінген комитет хабарламасында.

Анықталған барлық бұзушылық бойынша кәсіпкерлік субъектілеріне жақын арада бұзушылықтарды жою туралы ұйғарымдар берілді.

2-қабат киімі мен бұйымдарына пайдаланушының терісімен байланысы шектеулі бұйымдар кіреді. Атап айтқанда көйлек, блузка, жейде, шалбар, юбка, астарсыз костюм, свитер, жемпір, бас киім (жазғы киімдерден басқа), қолғап және күзгі-қысқы ассортименттегі шұлық бұйымдары.

Іріктелген мектеп формасының барлық 10 сынамасы 2-қабатқа жатады. Сондықтан мұнда гигроскопиялылық (материалдың атмосферадан су буын сіңіру және оларды белгілі бір жағдайларда ұстап тұру қабілеті), ауа өткізгіштігі және 1, 2 және 3-қабат киіміндегі бос формальдегидтің массалық үлесі сияқты көрсеткіштер қарастырылды.

Мектептік топ (7-14 жас) үшін 2-қабат киім-кешектеріне гигроскопия мөлшері трикотаж және эпизодтық пайдалану бұйымдарында 7% немесе 4%-дан кем болмауы; жасөспірімдік топ (14-18 жас) үшін бұл көрсеткіш 4% немесе 2%-дан кем болмауға тиіс.

Айта кету керек, гигроскопиялық индикатор төсек-орын мен іш киімді, спорттық киім мен балаларға арналған киімдерді тігу кезінде ескерілуі керек. Ауа мен дененің жоғары температурасы терлеу мен ыңғайсыздыққа соқтырады. Егер сіз жоғары гигроскопиялық көрсеткіштері бар матаны қолдансаңыз, бұған жол бермеуге болады, - деп жазылған Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті хабарламасында.
Қазақстан Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: