Қазақстанда қанша адам ағза трансплантациясын күтіп жүр

Больница, поликлиника, медицинское учреждение, медучреждение, врачи, доктора, прием у врача, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.11.2026 14:57 Фото: akorda.kz
Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев Құрылтайда өткен брифингте Қазақстандағы трансплантология саласының дамуы туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Тимур Сұлтанғазиев елімізде 2012 жылдан бері трансплантология саласы қарқынды дамып келе жатқанын еске салды. Оның айтуынша, осы бағытта трансплантаттау жөніндегі арнайы республикалық үйлестіру орталығы құрылған.

"Бүгінде елімізде 11 трансплантаттау орталығы жұмыс істейді. Олардың барлығы білікті мамандармен қамтамасыз етілген. 2013 жылдан бері 3100-ге жуық операция жасалды. Оның 2,5 мыңы тірі донордан алынған ағзаларды трансплантаттау арқылы жүзеге асырылса, тағы 514 операция қайтыс болған донорлардың ағзаларын пайдалану арқылы жасалды. Қазіргі уақытта 4800-ге жуық адам күту тізімінде тұр. Олар донорлық ағзаға мұқтаж", – деді бірінші вице-министр.

Бұған дейін Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев дің жасушаларын трансплантаттауға қатысты заңнамаға енгізілетін түзетулерді түсіндірген еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: