Астанадағы католиктер шіркеуінде Рим Папасы қазақ суретшісі салған иконаны таныстырады

Астанадағы Әулие Мария архиепархиясының қосалқы епископы 15 қыркүйекте Нұр-Сұлтанның кафедралды соборында Қазақстанның католик дінбасыларымен кездесу барысында Рим Папасы Франциск "Ұлы дала Құдай Анасы" иконасына дұға оқып, дәріптейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Епископ Шнайдер Рим Папасының халқының көпшілігі мұсылман елге келуі өзге адамдардың сеніміне жақындау мүмкіндігі болуы ықтимал деп санайды.

Икона "Ұлы дала Құдай анасы" деп аталады, өйткені біз кең байтақ елде тұрамыз. Қазақ халқына, христиандарға және басқа адамдарға жақын болатындай қазақы элементтер мен қазақы стильде Құдай Ананың бейнесін жасау идеясы архиепископ Томаш Петаға тиесілі, - деп түсіндірді Ватикан радиосына берген сұхбатында иерарх.

Оның айтуынша, иконаны қазақ суретшіcі қазақ ою-өрнектерін, оның ішінде кресттерді қолдана отырып, безендірген.

Бұл қарапайым қазақ әйелі емес: орамалдағы кресттер оның Құдай анасы екенін танытады. Оң және сол жағындағысы - періштелер, бұл сөзсіз Мәриямның Исамен бірге суреттелген христиан бейнесі. Менің ойымша, мұндай сурет жергілікті тұрғындарды – қазақтарды христиан дініне жақындатады, олардың қызығушылығын оята алады. Астанадағы Әулие Мария архиепархиясының қосалқы епископы Атаназиус Шнайдер

13 қыркүйекте Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтан әуежайынан Рим Папасы Францискті өзі қарсы алды.

Нұр-Сұлтан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: