Қымбатшылық: Көкшетауда он бес үйдің құрылысы тоқтап тұр

Сурет: Zakon.kz
Көкшетауда мемлекеттік бағдарлама бойынша салынып жатқан үйлердің құрылысы тоқтап тұр. Себебі, қымбатшылыққа байланысты жобалық-сметалық құжаттарға түзетулер енгізілуі қажет, деп хабарлайды Zakon.kz.

Салынып біткен бірнеше баспана бар. Алайда абаттандыру аяқталмағандықтан, қолданысқа берілмей отыр. Ал баспана кезегінде тұрғандардың саны уақыт өткен сайын артып барады.

Көкшетауда 9 мыңнан астам адам баспана кезегінде тұр. Олардың қатарында Қаныбековтер отбасы да бар. 2007 жылдан бері кезегін күткен жанұя әлі күнге дейін үйге қол жеткізе алмай келеді.

Пәтер жалдаймыз. Әйтеуір анау деп, мынау деп 110 мыңға зорға келісіп алдық. Бәрібір келесі жылы көтеремін деп отыр. 1160 кезекте тұрсыздар деді, ол былтыр сондай еді әлі сол қалпында тұр. Ешқандай жылжу жоқ. Гүлсара Қаныбекова, қала тұрғыны
Жалақы жұмысшылардың көтеріп жатыр сондықтан корректировка берді. Ең басты мәселе материалдың қымбаттауы. Қазір кірпіш те, бетон, цемент бәрі қымбаттап кетті де, плитаның өзі қымбаттап кетті қазір бәрі сондықтан біз корректировкаға беріп жатырмыз. Бүкіл мемлекеттік нысандарды. Асхат Жұмабеков, Құрылыс компаниясының өкілі

Көкшетауда мемлекеттік бағдарлама аясында 21 көпқабатты үй салынып жатыр. Оның 15-інде құрылыс тоқтап тұр.

Жобалық-сметалық құжаттарға түзетулер енгізіледі. Қазіргі нарықтық бағаларды ескере отырып, жобаның құны өзгереді. Нақты қаншаға қымбаттайтынын айта алмаймыз. Алайда, 30 пайыздан аспау керек. Түзетулер енгізіліп, сараптамадан өткеннен кейін құрылыс жұмыстары жалғасады. Әлихан Рақымжанов, Көкшетау қалалық құрылыс бөлімінің жетекші маманы

Шахарда былтырдан бері бірде-бір жаңа үй қолданысқа берілген жоқ. Мемлекеттік бағдарлама бойынша салынып жатқан нысандардың қашан қайта жанданары да нақты белгісіз.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін