ІІМ құны 80 млн теңге болатын 3 келіден астам алтын контрабандасының жолын кесті

Сурет: polisia.kz
Ішкі істер министрлігінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес және өзіндік қауіпсіздік жөніндегі бөлімшелері Алматы қаласының халықаралық әуежайы арқылы БАӘ бағалы металдарды заңсыз әкетуді жүзеге асырмақ болған қылмыстық топ қызметінің жолын кесті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Polisia.kz таратқан ақпараттқа сай, контрабанда мемлекеттік бақылауды айналып өтіп, көлік полициясының лауазымды тұлғаларына пара беру арқылы жүзеге асырылды.

Алматы қаласының халықаралық әуежайында Көліктегі полиция департаментінің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкеріне кедендік және шекаралық бақылау аймағы арқылы “сәлемдемені” алып өтуі үшін 600 АҚШ доллары сомасында пара беру әрекеті кезінде Қазақстан Республикасының азаматы ұсталды.

Жеке тексеру барысында одан 1200 АҚШ доллары тәркіленді. Жедел-іздестіру шараларын жүргізу нәтижесінде әуежай ғимаратында ҚХР азаматы ұсталды, ол күдіктінің сыбайласы бола отырып, алтынды әуе арқылы Алматыдан Дубайға жеткізуі керек болған.

Оның сөмкесінен полиция қызметкерлері салмағы 3 кг 200 гр. болатын алтын құймаларын тапты. Оның құны шамамен 84 млн теңгеден асады. Тергеу сотының санкциясымен қазақстандық күдіктінің тұрғылықты жері бойынша Алматыдағы коттедждердің бірінде тінту жүргізілді.

Онда құймалардағы алтын мен металдың мөлшерін анықтайтын электрондық таразы мен арнайы құрылғылар тәркіленді. Қазіргі уақытта күдіктілерді уақытша ұстау изоляторына қамау туралы мәселе шешілуде.

Тергеу қымбат металдың шығу көзін және қылмыстық топтың басқа да сыбайластарын анықтауда.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды