Әлеуметтік маңызы бар өнімдердің бағасы жыл басынан бері 20% өсті

Сурет: Zakon.kz
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары өткен аптада 0,1%, ай басынан бері 0,3%, жыл басынан бері 19,3% қымбаттады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сонымен қатар бір жылда әлеуметтік маңызы бар тауарлар 19,5% қымбаттады. Бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,6% жоғары.

Сонымен кейінгі аптада мына тауарлардың бағасы көтерілді:

макарон (рожки) – 2,6%;

1-санаттағы жұмыртқа – 1,6%;

күріш – 1,1%.

Кейінгі аптада мына тауарлар бағасы төмендеді:

пияз – 7,5%;

сәбіз – 4,6%;

ақбас қырыққабаты – 2,8%.

Бұл ретте 13 қыркүйектегі кейбір өнімдердің орташа бағасы:

рожки – 285 теңге/кг;

тауық еті – 1197 теңге/кг;

картоп – 159 теңге/кг.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізіміне 19 түр кіреді, оның ішінде: ұн, нан, макарон, жұмыртқа, қарақұмық, күріш, қант, күнбағыс және май, еттің кейбір түрлері (сиыр, тауық еті), сүт өнімдері (сүт, айран, сүзбе), көкөністер (картоп, сәбіз, пияз, қырыққабат) және тұз бар.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Алматыда аптап ыстық, Астанада күн күрт суытады: 11–13 қыркүйекке арналған жаңартылған болжам

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің Ішкі істер министрлерімен кездесті

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді