Тәжікстан Қырғызстанның Баткен қаласын атқылады

Сурет: видеодан скриншот
Баткен қаласының аумағы оққа ұшты. Инфрақұрылым бұзылған. Тұрғындар эвакуацияланып жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қырғызстан шекара қызметінің хабарлауынша, Баткен әуежайының маңы мен қала шетіндегі нысандар тәжікстанның бірнеше зымырандық жүйелерінен оқ жаудырған. Бейбіт тұрғындарды эвакуациялау басталды.

Тәжікстанның Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің мәліметінше, Қырғызстанның әскери қызметкерлері ауыр қаруды қолданып, бірнеше елді мекенге шабуыл жасаған. Шабуыл Исфара қаласының Ходжай-Ало, Куммазор, Сурх, Сомониён, Кулканд, сондай-ақ Бобожон-Гафуров ауданының Хистеварз және Овчикалача ауылдарына жасалды.

16 қыркүйек күні таңертең Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасындағы бірнеше учаскеде атыс басталды. Екі жақтан да зардап шеккендер бар.

Бішкекте қырғыз-тәжік шекарасындағы оқиғаға байланысты халық көшеге шықты.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

12 қыркүйектегі валюта бағамы қандай

"Тұман түсіп, қатты жел тұрады". Дүйсенбіде еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Қазақстанда бір күнде 12 орман өрті тіркелді

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді