Елімізде жылына мыңнан астам адам өндірісте жарақат алады

Сурет: Zakon.kz
Оның шамамен 200-і көз жұмады. Сондықтан еңбек қауіпсіздігіне баса мән беру қажет. Осы мәселе Бурабайда өткен ғылыми-тәжірибелік конференцияда талқыланды.

Қазіргі міндет – жұмыс орнының талаптарға сай келуін қадағалау. Мұндай шешім былтыр қабылдаған. Алайда жұмыс берушілер тарапынан бұл іс баяу жүріп жатыр.

Сондай-ақ жұмысшылардың электронды денсаулық паспортын жасау ұсынылды, деп жазады qazaqstan.tv.

Бұл зиянды ортада жұмыс істеп жүргендердің денсаулығын ұзақ мерзімде бақылауға мүмкіндік береді. Сақтандыру саласына да өзгерістер қажет, дейді мамандар.

2030 жылға дейінгі қауіпсіз еңбек тұжырымдамасы бар. Оның аясында жоспарланған шаралар жалғасады. Қазіргі уақытта зиянды жұмыс орындарындағы еңбеккерлерге жұмыс берушілер тарапынан 180 миллиард теңге өтемақы төленеді. Осы жүйені жетілдіру керек. Сондай-ақ кәсіпорындар еңбекті қорғау стандарттарын енгізуді тиімді жүргізу қажет. Ақмәди Сарбасов, ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бірінші орынбасары
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Ақтауда шетелге заңсыз ақша шығарған компанияға 153 млн теңге айыппұл салынды

КХДР үш сағат ішінде екі баллистикалық зымыран ұшырды

МӘМС реформасының жиынтық экономикалық әсері жүздеген миллиард теңгені құрайды

Қазақстанда МӘМС жарналарын төлеу және сақтандырылған тұлғаларды есепке алу қағидалары жаңартылды