Мемлекет басшысы Пәкістан Премьер-министрі Шахбаз Шарифпен кездесті

Сурет: akorda.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев Шахбаз Шарифке ілтипат білдіре отырып, жуырда Пәкістанда болған жойқын су тасқыны салдарынан көптеген адамның қаза болуына және оның елге айтарлықтай зардабын тигізуіне байланысты тағы да көңіл айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысы Қазақстанның достас Пәкістан халқына шынайы тілеулестігінің белгісі ретінде табиғи апаттан зардап шеккендерге гуманитарлық көмек көрсеткенін және бұл елді алдағы уақытта да қолдауға дайын екенін нақтылады.

Мемлекет басшысы екі ел берік серіктестік пен мазмұнды саяси диалог орнатып, сауда-экономикалық және көлік-логистикалық байланыстарды нығайту үшін белсенді жұмыс істеп жатқанына тоқталды.

Өз кезегінде Шахбаз Шариф қиын-қыстау жағдайда еліне қолдау көрсеткені үшін Қазақстан Президентіне зор ризашылығын білдірді. Пәкістан Премьер-министрі жойқын су тасқыны климаттың өзгеруі салдарынан болып отырғанын айтты. Ол Қазақстан мен Пәкістан арасындағы көпжақты ынтымақтастықты нығайтуға дайын екенін, сондай-ақ екі елдің сауда-экономикалық серіктестігін арттыруға ықпал ететінін жеткізді.

Сонымен қатар кездесуде өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері көтерілді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Тұман түсіп, қатты жел тұрады". Дүйсенбіде еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Қазақстанда бір күнде 12 орман өрті тіркелді

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Министрліктер мен мемлекеттік органдардың МКК органдарына мәліметтерді ұсыну қағидалары мен мерзімі бекітілді