Еліміздің ең қарт тұрғыны 121 жаста

Сурет: Zakon.kz
Қазақстанда 100 жастан асқан 487 адам тұрады. Түркістан облысындағы ең қарт қазақ азаматы 121 жасқа толған мерейтойын атап өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң хабарлауынша, жүзге толған азаматтар көбіне республиканың оңтүстiк аймағында тіркелді. Түркістан облысында 100 жастан асқан 75 адам бар.

Жүзге жеткен адамдар саны бойынша екінші орында еліміздің ең ірі қаласы – Алматы тұр. Қалада 100 және одан жоғары жастағы 62 адам тұрады.

Сонымен қатар 100 және одан жоғары жастағы ғасырмен құрдас 55 адам Алматы облысында тұрады.

Бұл ретте ең қарт қазақстандықтардың үштігіне 121 жасқа толған Түркістан облысының, 120 жасқа толған Шымкент облысының және 119 жасқа келген Жамбыл облысының тұрғындары кірді.

Бұл мәліметтерді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай жинаған. Бұл мереке 1990 жылы 14 желтоқсанда Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 45-сессиясында жарияланды.

Халықаралық қарттар күнінің басты мақсаты – егде жастағы адамдардың мемлекет пен қоғамға сіңірген еңбегін құрметтеп, мойындау, сонымен қатар олардың мәселесі мен мұң-мұқтаждарына, өмір сүру сапасын жақсарту қажеттілігіне назар аудару, оларға жалпыға бірдей қамқорлық көрсету.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі