Алматы әуежайында жүк тиеп жатқан сәттегі видео қазақстандықтарды ашуландырды

Сурет: видеодан скриншот
Бірнеше күн бұрын әлеуметтік желіде Алматы халықаралық әуежайы қызметкерлерінің жолаушылар жүгін ұқыпсыз түсіріп жатқаны көрсетілген видео пайда болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

2022 жылдың 3 қазанында әуежайдың баспасөз қызметі видеоға түсініктеме берді.

Біз жөнелтілетін рейстердің бірін өңдеу кезінде жүкті (жолаушы багажы емес) тиеу тәртібінің бұзылғанын растаймыз. Жүкті тиеуге қатысқан қызметкерлер тәртіптік ескертулер алды, - деп хабарлады баспасөз қызметі.

Алматы халықаралық әуежайының мәліметінше, мұндай қатеге жол бермеу үшін әуежайдағы барлық жүк тиеу қызметкеріне нұсқау және жүкті дұрыс сұрыптау бойынша жадынамалар берілді.

Жүк тиеу процедураларының дұрыстығын бақылау үшін қосымша тексерулер жүргізіліп жатыр, - деп түсіндірді әуе айлағы.

Баспасөз қызметі сонымен қатар Алматы халықаралық әуежайы кез келген байланыс құралы арқылы түскен жолаушылардың барлық өтінішін ескереді деп сендірді.

Видеоны Instagram желісіне Тимур Артюхин жариялады.

20 шілдеде Алматы әуежайының жаңа халықаралық жолаушылар терминалының концептуалды жобасын қоғамдық талқылау өтті. Әуежай өкілдері түпкілікті шешім қабылдау кезінде барлық ұсыныс пен ескертулер ескерілетініне сендірді.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан семсерлесуден әлем чемпионатын бір медальмен аяқтады

+42 градус ыстық пен нөсер жаңбыр: синоптиктер дүйсенбідегі ауа райы болжамын ұсынды

Синоптиктер Алматыда ыстықтың беті қашан қайтатынын айтты. Бір аптаға арналған ауа райы болжамы

"Қазгидромет" Алматы мен Өскемен тұрғындарына ескерту жасады

ҰБТ-да талапкерлерге Менделеев кестесінің қағаз нұсқасын пайдалануға рұқсат етілді