Еңбек министрі Қазақстанға келген ресейліктер қайда жұмысқа орналасып жатқанын айтты

Сурет: pexels
Қазақстанға келген Ресейліктер қай салаларда жұмыс істеп жатыр? Бұл туралы үкімет отырысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Министрдің айтуынша, бүгінде Қазақстанда 22,5 мың ресейлік азамат жұмыс істеп, зейнетақы жарналарын төлейді. Оның 8 мыңы жыл басынан бері жұмысқа орналастырылған.

Адамдар жұмысқа орналасу мақсатында келеді, жұмыс істейміз дейді. Бірақ біз әрдайым жалақының 10% шегерімі бар ма, соған қарай есептейміз. Егер ол болса, онда нақты жұмыс орындары бар деген сөз.Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова

Ресейліктердің көбі, яғни 72%-ы қызмет көрсету саласында, 16%-ы өнеркәсіпте, 9%-ға жуығы құрылыста, 2% ауыл шаруашылығында жұмыс істейді.

Олар - бухгалтерлер, тұтынушыларға қызмет көрсету менеджерлері, сатушылар, тасымалдаумен айналысатын адамдар, жүргізушілер. Бұл - шамамен топ-5 үздік мамандық.Тамара Дүйсенова

Бұған дейін Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов ұлттық біліктілік сынағынан өткені туралы сертификаты болмағандықтан Ресейден келген мұғалімдер қазақстандық мектептерде сабақ бере алмайтынын айтқан еді. Бірақ Ресейден келген дәрігерлер жұмыс таба алады. Ол үшін университетті бітіргені туралы диплом мен Қазақстандағы аттестаттау сертификаты болса, жеткілікті.

Қазақстан
Ресей

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды