Тәжірибе көрсеткендей, тозығы жеткен ғимараттарға екінші дем беру үшін, кейде сурет өнеріне жүгінуге тура келеді. Яғни, суретшілердің заманауи граффити туындысы арқылы ескі ғимараттарға басқа қырынан қарауға болады.
Қарағандыда ескі театр ғимараты нағыз өнер нысаны мен селфи аймағына айналды. Мұндай оң өзгерістерге жергілікті қоғам қайраткері Ирина Харитонова бастау берді. Ол туған жеріндегі, әсіресе К.Станиславский театрының қабырғасындағы сұр түстерден шаршап, қараусыз қалған қала алаңдарын түрлендіру мәселесіне қолдау көрсететін мамандар мен банкті іздеді. Алғашқылардың бірі болып бастаманы Jusan bank қолдады. Осылайша Jusan банкі Мәдениет министрлігі, «ҚазақТуризм» ҰК мен жергілікті билік өкілдерімен бірлесе отырып мәселеге зейін салды. Көп ұзамай қоғам қайраткерінің ұсынысына демеу жасады. Мурал салуға ресми «рұқсат» алған граффити суретшілері болашақта туристер мен азаматтардың сүйікті демалыс орындары мен инста-аймақтарының біріне айналуы мүмкін нысанды құрды. Сонымен бірге, шығармашылық ұжымға театр ғимаратының тарихы мен мақсатына жетік қарауына үгіттеді. Суретшілер Станиславский жүйесін деректі фильмдер мен желілік дереккөздерден зерттеп, оны суреттер арқылы қабырғаға түсіруге тырысты. Композиция жергілікті афоризмдермен және актерлердің нақыл сөздерімен толықтырылды.
Жобаның бастамашысы Ирина Харитонованың айтуынша, арт-нысан тек эстетикалық функцияны ғана орындамайды. Авторлар бұл шығармашылық ортаның дамуына серпін болады деп үміттенеді. Сонымен қатар, аумақ тек безендіріліп қана қоймай, сонымен көркейтілді, бұл оны тұтас өнер кеңістігін құруға қолайлы етті. Мәселен, қазір театр базасында театр мектебі мен өнер кафесін ашу мүмкіндігі талқыланып жатыр. Алаңды абаттандыру бойынша келесі іс-шаралар жоспарлануда: асфальттау, электрлік жарықтандыру, саябақты ашу, граффити нысаны бар цифрлық бейнені жасау және жұмыстар.
Сурет: Jusan Bank
Қарағанды ескі аудандардың белгілі бір солғындығын өнердің күшімен жеңуге шешім қабылдаған Қазақстандағы алғашқы қала. Дегенмен, бастама тек осы шаһармен аяқталмайды. Бүгінгі күннің өзінде Теміртау мен Ақтаудағы банк белсенділері мен клиенттер мұндай жобаны өз қалаларында жүзеге асыруға өтініш білдіріп отыр. Қазір қабырға суретін жасауға қарқынды дайындық Астанада басталды.
Ары қарай жұмыс күшейеді! Облыстық қалаларда қабырға суреттерінің пайда болуы, өнерді дамыту мен соған сәйкес шығармашыл жастарды тартуға мұрындық болады. Оның үстіне Мәдениет министрлігі, Jusan Bank пен шығармашылық ұжымға көркейтуді қажет ететін орындарды табуға көмектесіп, жаңа муралдардың пайда болуына ат салысып жатыр. Ал туындыларды жасау, аймақтық суретшілерді іздестіру және жобаға қосу бойынша көркем жұмыстарды жобаның серіктесі, көптеген алматылық суреттердің авторы Дмитрий Репас жүргізеді.
07.04.21 ж. № 1.2.35/225/37 лицензияны Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі берген
Серіктестік ақпарат