Елорда тұрғыны көлігінде аса ірі мөлшерде есірткі тасымалдаған

Сурет: polisia.kz
Ақмола облысының полицейлері елорда тұрғынынан мефедрон мен 250-ден астам есірткі бумасын тәркіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақмола облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлерінің жедел ақпараты бойынша, 30 жастағы елорда тұрғыны аса ірі мөлшерде Астана, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарына мефедрон және тұз синтетикалық есірткілерін жеткізумен және өткізумен айналысқан, деп жазады Polisia.kz.

12 қазанда Ақмола полицейлері арнайы бөлімшелер қызметкерлерінің көмегімен арнайы операция нәтижесінде Көкшетау қаласына кіреберіс жолда, “Құлагер” қонақ үйінің жанында Астана қаласының 30 жастағы тұрғынының басқаруындағы автокөлікті тоқтатты.

Жоғарыда аталған автокөлікті рұқсатсыз тінту барысында капоттың астынан: сарғылт түсті, ұнтақ консистенциялы, ерекше иісі бар, мөлдір скочпен оралған бір үлкен полиэтилен байламы (шамамен 200 грамм мефедрон), сондай-ақ қызыл және сарғылт түсті ұнтақ затты (салмағы шамамен 150 грамм) қара түсті изолентамен оралған 256 бума табылып, тәркіленді.

Сонымен қатар, есірткі жасырылған орындар фиксацияланған екі ұялы телефон тәркіленді.

Қазіргі уақытта жедел уәкілдер есірткі сатып алу арнасын анықтау бойынша іс-шаралар жүргізуде.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Алматыда аптап ыстық, Астанада күн күрт суытады: 11–13 қыркүйекке арналған жаңартылған болжам

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің Ішкі істер министрлерімен кездесті

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді