Украинаның күллі аумағында әуе дабылы іске қосылды

Сурет: pixabay
Украинаның күллі аумағында әуе дабылы іске қосылды. Ресей күштері елдің энергетикалық инфрақұрылымдарына соққы берген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жарылыс жаңғырығы естілді. Днепр өзені маңындағы жылу электр станциясы жақтан түтін шығып жатыр. Зымыран соққысынан кейін Киевтің сол жағалауы, Житомир мен Днепр қалалары электр жарығынсыз, сусыз қалған, деп жазады qazaqstan.tv.

Президент Зеленскийдің сөзінше, қазанның 10-ынан бергі шабуылдардан елдегі электр станцияларының 30 пайызы қираған.

«Путин режимімен келіссөз жүргізуге мүмкіндік қалмады» деп мәлімдеді Украина басшысы. Бұған қоса Зеленскийдің сөзінше, дүйсенбіде Ресей Киевке ирандық Шахед -136 дрондарымен соққы берген.

Ал Кремль болса Украинға қарсы жойқын шабуылдарға ирандық дрондар қолданылғаны не қолданылмағаны туралы ақпарат жоқ деп мәлімдеді.

Ресей

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада Құрылтай сайлауы күні 25 сәби дүниеге келді

Ақмолалық тұрғын Грузиядан Toyota Highlander сатып алмақ болып, миллиондаған теңгесінен айырылды

Эйнштейннің құпиясы немесе көрінбейтін адам аңыз емес

"Байтақ" партиясы экзитпол нәтижелерін қабылдады

Балағат сөз үшін қандай жағдайда және қанша айыппұл салынады