Республика күнін әр азамат мақтанышпен күтеді

Сурет: Zakon.kz
Ел үшін ерек Республика күні биыл ауқымды аталып өтуі тиіс. Өйткені мемлекеттің егемендікке деген нақты қадамы осы датадан басталады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл – ел алдында жүрген аға буын өкілдерінің пікірі, деп жазады Almaty.tv.

Олар халық арасында да бұл күннің зор сипатқа ие екенін айтады. Себебі Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағыдай, әр азамат бұл күнді қуанышпен, мақтанышпен күтеді.

Биылдан бастап бұл мереке ұлт мерекелерінің тізіміне енгізіліп жатыр. Бұл – жетістік, қуаныш. 90 жылдары 25 қазанда Қазақстанның егемендігі туралы декларация қабылданған. Бұл – 70 жыл бойы армандаған тәуелсіздікке қарай алғаш басқан қадамымыз. әнші, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Толқын Забирова

Үлкен көлемде ғана тойланып өтетін нәрсе емес. Әрбір отбасы үшін орны бөлек, қымбат мереке деп есептеймін. Сондықтан да Республика күні – Қазақстан халқына мереке. Үлкен жетістік деп айтуға болады. Бұл жетістікке жеткен де бар, жетпеген де бар, – деді актер, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Дулыға Ақмолда.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Павлодарда зейнеткерді тонамақ болған күдікті ұсталды

Жапаров Тоқаевты жалпыхалықтық референдумның табысты өтуімен құттықтады

17 наурыз – "Шаңырақ күні". Қазақта "Шаңырақ көтеру" атты ерекше салт-дәстүр болған

Алматыда бірқатар шағын аудандар мен көшелердің атауы өзгерді 

Қазақстанда бірыңғай уақыт белдеуі белгіленеді