Қазақстандықтар қазақ тіліне қатысты пікірі үшін Chocofamily басшысын сынға алды

Сурет: Instagram/rrm777
Chocofamily Holding компаниясының негізін қалаушы және иесі Рамиль Мухоряпов тіл мәселесі бойынша ресейліктермен сөйлескеннен кейін Kaznet қолданушылары тарапынан жағымсыз пікірлер айтыла бастады. Мухопяров бұл оқиғаға нүкте қоюды ұйғарып, түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Интернетте Мухоряпов бір қыздың сөзіне түсініктеме берген видео белсенді түрде таралуда. Оның айтуынша, егер Қазақстанда орыстарға қазақ тілінде жауап берілсе, бұл агрессияның көрінісі емес. Алайда кәсіпкер бұл «үлкен мәдениеттен емес» дейді.

Түскен сынның нәтижесінде Мухоряпов қазақ тілін құрметтейтінін айтты.

Қазақстан менің Отаным. Менің сөздерімді дұрыс түсінбегендеріңізді қаламаймын. Мен кез келген қудалауға, қысымға қарсымын», - делінген оның жазбасында.

Сондай-ақ ол «достық таныпауу, қонақжайлылық көрсетпеу және көмектеспеу, бағаны көтеру дұрыс емес» деп атап өтті.

Бұл келгендерге ғана емес, жерлестерге де қатысты. Рамиль Мухоряпов

Оған қоса, Мухоряповтың айтуынша, Қазақстанға әр елдің ақылды, озық жігіттері келсе, керемет үрдіс.

Тіл туралы – қонағың көмек сұраса, ал сіз орыс тілін білмей, қазақша жауап беріп көмектесуге тырыссаңыз, сіз жақсы азаматсыз және елдің нағыз қонақжай тұрғынысыз. Ал орыс тілін біліп, жай ғана мазақ етсеңіз, қазақша арнайы жауап беріп, ол сіздің жан дүниеңізде нағыз қазақы қонақжайлық жоқ дегенді білдіреді», - деп түйіндеді ол.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Алматы мен Талдықорғанда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі

"Заң мен Тәртіп" қағидаты ұлтымыздың рухы мен дүниетанымына толық сай келеді – Тоқаев

Жамбыл облысында "Жамбылым-жер жаннатым" атты үздік эссе байқауы өтті

Қырғызстан Қазақстанға шекарадағы жер телімдерін айырбастауды ұсынды