Алматы облысында із-түзсіз жоғалған балалар таудан табылды

Сурет: pixabay
Күндіз Алматы облысында жоғалған балалар табылды. Бір күн бұрын, 25 қазанда полицияға әйел хабарласып, 6 жасар ұлы мен кәмелетке толмаған інілері үйден шығып кеткенін, содан кейін оралмағанын айтқан, деп хабарлайды Zakon.kz.

Іздестіру шараларына волонтерлермен қатар облыстың жеке құрамы да қатысты.

Нәтижесінде кәмелетке толмағандарды жергілікті тұрғын Бесағаш ауылынан 12 шақырым жерде Бесқайнар ауылдық округіне қарасты таулы аймақта «Табаған» серіктестіктер тобы бағытында тауып алған.

Балалар аман-есен үйлеріне қайтарылды.

Сондай-ақ 26 қазанда Алматы облысында егіс алқабында бір ай бұрын жоғалып кеткен жасөспірімнің ата-анасынан жасырынып жүргені белгілі болды. Кәмелетке толмаған жасөспірім Талғар ауданы, Сақтан ауылында табылды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді