Индонезия байларға виза енгізуді жоспарлап отыр

Сурет: pixabay
Индонезия билігі ауқатты адамдар үшін жаңа виза енгізу туралы шешім қабылдады. Ол 5 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге шығарылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Индонезияның Әділет министрлігі және Адам құқықтары жөніндегі бас иммиграция басқармасының баспасөз хатшысы Видодо Екатьяхьяна G20 саммитінде виза туралы жаңалықты жариялады, деп жазады АНТАРА.

Оның айтуынша, «екінші үй визасы» бай шетелдіктерге Индонезияда 5-10 жыл тұруға көмектеседі. Мақсатты аудитория – бизнесмендер мен егде жастағы туристер.

Индонезия билігі ірі капиталға иелік ететіндерді елге тарту үшін фискалдық емес ынталандыру саясатын қолға алмақшы.

«Екінші үй визасы» бар шетел азаматтары мұнда жұмыс істеу, инвестициялау мақсатында тұра алады.

Визаға өтініш беру үшін иммиграциялық кеңсенің сайтына кіріп, содан кейін банк шотында 131 мың доллардың бар екенін растау керек. Виза алымы 200 долларды құрайды.

8 шілдеде Индонезия COVID-19 індетіне байланысты кіру шарттарын өзгертті.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекеттік қордан тұрғын үйді жекешелендіру: өзгерістер енгізілді

Экономикалық интеграцияны тереңдету бағытында ауқымды жұмыс атқарылды – Тоқаев ЕАЭО туралы

Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кеңейтілген құрамдағы отырысында не айтты

Сауле Базарханның өлімінен кейін депутат Денсаулық сақтау министрлігін қатаң тексеруге шақырды

Қорғауға жататын жеке деректердің тізбесін Конституция арқылы нақтылау ұсынылды