Елордада полицейлер мас жүргізушіні қуып жүріп ұстады

Сурет: ҚР ІІМ
Кешкі уақытта Range Rover автокөлігінің жүргізушісі жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзып, елорданың жолдарында апаттық жағдайлар туғызған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Желікпе жүргізуші жоғары жылдамдықпен бағдаршамның тыйым салынған сигналына екі рет өтіп, автобус жолағына шығып кетіп, полицейлердің тоқтау туралы талаптарын елемеген, деп жазады Polisia.kz.

Тәртіп бұзушы Республика даңғылындағы көліктердің тығыз ағынында ұсталды. Медициналық куәландыруға сәйкес жүргізуші көлікті “жеңіл дәрежедегі” мас күйінде басқарған.

Сонымен қатар мультитесттен өту кезінде марихуана қолданғаны анықталды. Жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзғаны үшін жүргізушіге қатысты 5 әкімшілік хаттама толтырылды.

Мас күйінде көлік жүргізгені үшін 33 жастағы жүргізуші 2020 жылы көлік құралын жеті жылға басқару құқығынан айырылғаны анықталды.

Қазіргі уақытта құқық бұзушыға қатысты ҚР ҚК-нің 346-бабы бойынша (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және мас күйінде көлік құралын басқару) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Полиция қызметкерлері ер адамды ұстап, ПД Уақытша ұстау изоляторына қамауға алды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін