Түркістан облысында қарызын қайтарғысы келмеген әйел көршісін жардан итеріп жіберген

Сурет: Zakon.kz
10 қазан күні Түркістан облысындағы Ақсу өзенінен әйел адамның мәйіті табылды. Ол сол маңда тұрған. Zakon.kz сайтына облыс полицейлерінен хабарлағандай, қылмыс жасады деген күдікпен марқұмның көршісі ұсталды.

Тәртіп сақшылары анықтағандай, кісі өлімі қарыздың кесірінен болған.

Полицияның баспасөз қызметінің мәліметінше, күдікті ақшаны қайтарғысы келмегендіктен, көршісін Ақсу өзеніне апарып, оны жардан итеріп жіберген.

Ауыр жарақат алған әйел қылмыс орнында көз жұмды.

Қазіргі уақытта департаменттің мәліметінше, күдікті бұл ісіне өкініп, кінәсін мойындады.

Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр. Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі
Қазақстан
Шымкент

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада Құрылтай сайлауы күні 25 сәби дүниеге келді

Құрбысы екеуі мотоциклмен келе жатып арқанға соғылған: Риддерде оқушы қыз қаза тапты

Ақмолалық тұрғын Грузиядан Toyota Highlander сатып алмақ болып, миллиондаған теңгесінен айырылды

Самокат енді ойын-сауық құралы емес: Бас прокуратура қазақстандықтарға жаңа ережелерді еске салды

Қазақстанда кредит қайта кешіріле ме