Өңдеу өнеркәсібінің өсу қарқыны тау-кен саласынан жоғары болады – Жұманғарин

Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин 2026 жылғы 25 тамызда өткен Үкімет отырысында өңдеу өнеркәсібінің өсетіні туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі., сурет - Zakon.kz жаңалық 25.08.2026 15:34 Сурет: primeminister.kz
Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин 2026 жылғы 25 тамызда өткен Үкімет отырысында өңдеу өнеркәсібінің өсетіні туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Оның айтуынша, өңдеу өнеркәсібінің өсу қарқыны тау-кен өнеркәсібіндегі өсімнен жоғары болады.

"Өңдеу өнеркәсібінің өсуіне металлургия, машина жасау, құрылыс материалдарын өндіру, химия және тамақ өнеркәсібі негізгі үлес қосады", – деді Серік Жұманғарин.

Экономикалық өсімнің негізгі қозғаушы күштерінің бірі ауыл шаруашылығы болмақ. Бұл саладағы орташа жылдық өсім кемінде 5%-ды құрайды.

Бұған дейін Серік Жұманғарин 2027-2029 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамын таныстырған еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: