12 рет пышақтаған: Абай облысында 20 жастағы қыз қатыгездікпен өлтірілді
Фото: pixabay
Абай облысында 20 жастағы қыз қатыгездікпен өлтірілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қайғылы оқиға 2026 жылғы шілдеде Бородулиха ауылында болған. Жуырда марқұмның анасы бейнеүндеу жазып, ол әлеуметтік желілерде тарады.
"Мен – Ділназ Жұмағұлованың анасымын. Бүгін журналистерге, блогерлерге және бейжай қарай алмайтын барша азаматқа үндеу жолдап отырмын. 13 шілдеде менің жалғыз қызым Ділназ қаза тапты. Ол небәрі 20 жаста еді. Ділназға көптеген пышақ жарақаты салынған. Ана ретінде жанымды күйзелткен ауыртпалықты сөзбен жеткізу қиын. Қызымның өліміне қатысты барлық мән-жай мен қылмыстың асқан қатыгездікпен жасалғаны заң аясында әділ бағасын алуы үшін бейжай қарамайтын жұрттан бұл істі қоғам назарына ұсынуды сұраймын", – деді әйел бейнежазбада.
Әлеуметтік желілерде тараған мәліметке сәйкес, күдікті – қыздың бұрынғы жігіті. Екеуі жанжалдасып қалғаннан кейін қыз кетпек болған, алайда жігіт оған шабуыл жасап, 12 рет пышақ сұққан.
Абай облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі Бородулиха ауылының 20 жастағы тұрғынының қаза болу дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілгенін хабарлады.
"Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу аяқталды. Процеске қатысушылар қылмыстық іс материалдарымен танысып жатыр. Танысу аяқталғаннан кейін қылмыстық іс қылмыстық-процестік заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жіберіледі", – делінген полиция түсініктемесінде.
13 тамызда Шымкентте осыған ұқсас резонансты іс бойынша үкім шығарылды. 21 жастағы студент Нұрай Серікбайды пышақтап өлтірген танысы өмір бойына бас бостандығынан айырылды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript