Тоқаев Үндістан премьер-министріне көңіл айтты

Сурет: akorda.kz
31 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістан премьер-министрі Нарендра Модиге көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістан Премьер-министрі Нарендра Модиге Үндістанның Гуджарат штатында болған қайғылы оқиға салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты көңіл айтты.

Үндістанның Гуджарат штатында жаяу жүргінші көпірінің құлауы салдарынан көптеген адамның қаза тапқаны және жарақат алғаны туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдадым. Осы қайғылы оқиғаға байланысты Үндістан халқына және үкіметіне көңіл айтамын. Сондай-ақ жақындарынан айырылған отбасылардың қайғысына ортақтасып, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіремін, – деп жазылған жеделхатта.

30 қазанда Үндістанда 500-ге жуық адам болған жаяу жүргіншілер көпірі құлады. 90 адам қайтыс болды.

Қазақстан
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!

Қазақстанда педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу ережелері жаңартылды

Тоқаев Digital Qazaqstan жалпыұлттық стратегиясын бекіту туралы жарлыққа қол қойды

10 маусымда елдің қай өңірлерінде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Қытай кинонарығы қазақстандық киноиндустрия үшін үлкен мүмкіндік