Елордада жасөспірімді соққыға жығып, телефонын тартып алған ер адам ұсталды

Сурет: polisia.kz
Полицияға қала тұрғыны хабарласып, түскі уақытта белгісіз біреу күш қолданып, 14 жастағы ұлының телефонын тартып алғанын айтып арызданған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Келтірілген шығын көлемі 80 мың теңгені құрады. Тергеу барысында кәмелетке толмаған жасөспірімнің сағат 13.30-да Ш.Уәлиханов көшесіндегі аялдамада автобус күтіп тұрғаны анықталды.

Осы кезде оның жанына белгісіз ер адам жақындап келіп, қолындағы телефонды көріп, досына қоңырау шалып алуды сұрайды, деп жазады polisia.kz.

Ер адам ұялы телефонды алып, сөйлесіп жүріп, бірте-бірте жеке секторға қарай кетіп қалған. Жасөспірімнің бейтаныс адамның телефонды беруін күтіп, соңынан ергеннен басқа амалы қалмайды.

Бірақ қаскүнем Күлтегін көшесіндегі қараусыз қалған екі қабатты үйге қарай бұрылып кеткен. Сол жерде ол баланың бетінен бірнеше рет жұдырықпен ұрып, телефонды алып қашып кеткен.

Байқоңыр ауданы ПБ қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу нәтижесінде бұрын бірнеше рет сотталған 36 жастағы қала тұрғынын ұстады. Ұсталған азамат кінәсін мойындады.

Аталған фактіге қатысты ҚР ҚК 191-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Заттай дәлелдемелер тәркіленді. Ұсталған ер адамның қала аумағында жасалған басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.

Күдікті Уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз