Түркістанда өзгенің мүлкін жалға алып, сатып жіберген ер адам қолға түсті

Сурет: polisia.kz
Түркістан полициясына жергілікті тұрғын әйел арызданды. Оның айтуынша, өзінің жалға беріп жүрген құрылыс жұмыстарына арналған темір қалыптары мен қазықтарын алыс танысы жалға алып, уәделенген уақытын создырып, бермей жүрген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Содан алаяқтың құрбаны болғанын сезген жәбірленуші полиция қызметкерлерінен көмек сұрайды. Жәбірленушіге келген шығын – 1 миллион теңге, деп жазады, Polisia.kz.

Аталған жайт ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркеуге алынды. Түркістан ҚПБ полицейлерінен жедел-тергеу тобы құрылып, күдіктіні ұстауға барлық күш жұмылдырылды.

Нәтижесінде жұмыссыз, жергілікті тұрғын ер адам ұсталды. Белгілі болғандай, күдікті ер адам құрылыс жұмыстарын жүргіземін деп танысының 25 темір қалыпы мен 64 қазығын алған.

Алайда күдікті темірлерді өзінің арам ойын жүзеге асыру мақсатында алып, темір қабылдау орнына өткізіп жібергені белгілі болды.

Қазіргі таңда күдікті қамауға алынып, оған қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"СОЦИС-А" Құрылтай сайлауы бойынша экзитпол нәтижелерін жариялады

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді

Қазақстанда Құрылтай сайлауындағы дауыс беру аяқталды

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Тоқаев Үкіметке жаңа міндет жүктеді