Шымкент тұрғынын бұрынғы танысы 2 млн теңгеге алдап кетті

Сурет: Zakon.kz
18 қыркүйекте сағат 11:15-те Шымкент қаласы Әл-Фараби АПБ-на жергілікті жердің тұрғыны арызданған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның айтуынша, 6 жылдан бергі танысы қаладан мемлекеттік бағдарлама бойынша үш бөлмелі үй алып беремін деп 2 млн теңге ақшасын алаяқтық жолмен иемденіп алған.

Аталған дерек ҚР ҚК-тің 190-бабы 1-бөлігіме (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізіп, күдіктінің жеке басын анықтау мақсатында барлық қажетті шараларды қабылдады, деп жазады Polisia.kz.

Нәтижесінде тәртіп сақшылары күдікті азаматшаны қала аумағынан қолға түсірді. Ол Шымкент қаласының 63 жастағы тұрғыны болып шықты. Зейнеткер, бұрын мұнай саласында жұмыс жасаған.

Қазіргі кезде ұсталған азаматшаның алған ақшаны өз қажеттілігіне жаратып жібергені белгілі болды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі