Бас прокуратура Шахтинскідегі апатты тексеру қорытындысына қарай шешім қабылданатынын айтты

Сурет: pixabay
Сенат кулуарында Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев Шахтинскідегі төтенше жағдайды тексеру бойынша процессуалдық шешімдер қабылданып, тиісті шаралар қолданылатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Әсет Шындалиев қазіргі уақытта құқық қорғау органдары тау-кен жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғағанын айтты.

Тергеу жүріп жатыр, соның қорытындысы бойынша процессуалдық шешімдер қабылданып, тиісті шаралар қолданылады. Кім жазаланатынын әзірге айта алмаймын. Әсет Шындалиев

3 қарашада шамамен түнгі сағат 3.00-те Шахтинск қаласындағы "Арселор Митал Теміртау" АҚ-ның Ленин атындағы шахтасында газды дренаж скважиналарды бұрғылау жұмыстарын жүргізу кезінде газ шығуы салдарынан 5 жұмысшы қайтыс болды. Тағы бір жұмысшыны іздеу жұмыстары жалғасуда. Қазіргі таңда 4 жұмысшы ауруханаға жатқызылды.

Қазақстан
Қарағанды

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Құрылтай регламенті: депутаттар қандай тәртіппен жұмыс істейді