Алматы полициясы көліктен ұрлық жасағандарды ұстады

Сурет: polisia.kz
Екі Алматы тұрғынының көліктерден жасалған ұрлықтың 20-дан астам дерегіне қатысы бар екендігі дәлелденді, деп хабарлайды Zakon.kz.

28 жастағы Г.есімді азамат пен оның құрдасы Н.есімді азамат көлік салонынан бірнеше ұрлық жасады деген күдікке ілінген, деп жазады polisia.kz.

Ұрлық дерегі бойынша жергілікті тұрғын арызданды. Оның айтуынша, белгісіз біреулер Volkswagen Touareg көлігіне әйнекті сындыру арқылы кіріп, жеке мүлкін ұрлап кеткен. Жәбірленушіге келтірілген шығын 1,5 млн теңгені құрайды. Жедел-іздестіру іс-шараларының барысында біздің бөлімше қызметкерлері ұрланған заттарды сатып алушылардың және қаскөйдің ізіне түсті. Күдіктілердің ауданымызда 10, қалада 20-дан астам қылмыс жасағаны анықталды. Ұстау кезінде олардан, ұрланған қару тәркіленді, – дейді Әуезов аудандық полиция басқармасының бастығы Ұлан Әбілқайыр.

Бұған дейін екі күдікті де бөтеннің мүлкін ұрлағаны үшін бірнеше рет сотталғаны белгілі. Қазіргі уақытта ұсталғандар ұрлық жасағандарын мойындап жатыр. Олар уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз