Полицейлердің мәліметінше, күдікті сыбайластарымен бірге Астанадан Көкшетауға шамамен бір ай бұрын синтетикалық есірткі таратуға келген.
Ұстау кезінде әйел көлік айдап келе жатқан. Автокөлік салонындағы екі айлық баласының жанына қара түсті лентамен оралған шар тәрізді орам табылды. Оның ішінде қара лентамен оралған ақ түсті ұнтақ консистенциялы заттың 30 “ziplok” пакеті табылып, тәркіленді.
Азаматтық некедегі ерлі-зайыптылар тұратын жалдамалы пәтерде олардың 28 жастағы сыбайласы, Астана қаласының тұрғыны ұсталды. Ол есірткіні ораумен айналысқан.
Тінту барысында одан сары оқшаулағыш лентамен оралған ақ түсті ұнтақ тәрізді консистенциялы заттың бір “ziplok” пакеті анықталып, тәркіленді.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабының 4-бөлігі (Есірткі құралдарын аса ірі мөлшерде заңсыз сақтау) және 296-бабының 2-бөлігі (Есірткі заттарды аз мөлшерде заңсыз сақтау) бойынша сотқа дейінгі іс қозғалды.
Сараптамалар тағайындалды.