Серікболсын Бабажан құсбегіліктен тұңғыш әлем чемпионы атанды

Сурет: Instagram/ulttyqatsport.kz
Абай облысы Үржар ауданында Құсбегіліктен тұңғыш әлем чемпионаты мәресіне жетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әлем біріншілігін ҚР МСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитеті, ҚР ұлттық спорт қауымдастығы, Ұлттық және ат спорты түрлері орталығы, Абай облысының әкімдігі ұйымдастырды.

Салтанатты шарада Абай облысы әкімінің орынбасары Ш.Байбеков, “Ұлттық және ат спорты түрлері орталығының” директоры Б.Сәбитов спортшылар мен қонақтарды құттықтады.

Аталған чемпионатқа әлемнің жеті елінен 100-ден аса спортшы келді. Қазақстан, Моңғолия, Қырғызстан, Түркия, Ресей, Украина, Қытай елдерінен 61 бүркіт, 20 қаршыға, 15 ителгі қатысты.

Әлем біріншілігінде спортшылар “бүркіт”, “қаршыға”, “ителгі” бойынша сынға түсті.

Ұлттық құрама мүшелері Қазақстанның намысын абыроймен қорғады.

“Бүркіт” бойынша:

І - Бабажан Серікболсын (Қазақстан)

ІІ - Нұман Өмірбек (Қазақстан)

ІІІ Орын - Бәйтілкәріп Өркен (Моңғолия)

ІІІ Орын - Тастанбек Байрақ (Қазақстан)

“Ителгі” Бойынша

І Орын - Оспанқұлов Таңат (Қазақстан)

ІІ Орын - Сандыбай Ерлан (Қазақстан)

ІІІ Орын - Налват Мурат (Түркия)

ІІІ Орын - Кеуенов Бағдат (Қазақстан)

“Қаршыға” Бойынша

І Орын - Сейітжан Бексұлтан (Қазақстан)

ІІ Орын - Серікбек Ерасыл (Қазақстан)

ІІІ Орын - Тайманов Айшуақ (Қазақстан)

ІІІ Орын - Айбекулу Салават (Қырғызстан)

Ұлттық спорт түрі “құсбегіліктен” өткен тұңғыш әлем чемпионаты саятшылық өнерінің халықаралық деңгейде дамуына жол ашты.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаев халықтық цифрлық экономиканы дамыту туралы жарлыққа қол қойды

Биыл 595 мың теңге, 2027 жылы 770 мың теңге – жүктілік пен босануға байланысты төлем қалай есептеледі

Жалақы, қосымша төлемдер және даулы мәселелер бойынша мұғалімдер 1472 нөмірінен кеңес ала алады

Игорь Лепеха ішкі істер министрінің орынбасары лауазымынан босатылды

Қазақстандық әйелдер 2026 және 2027 жылдары декретке шыққанда қанша төлем алады