Соңғы бес жылдағы динамикаға қарағанда зерттеу жобасымен айналысатын ғалым саны бұлай күрт азаймаған, деп жазады qazaqstan.tv.
Ғылыми зерттеулермен айналысатын мамандардың азаюы ғылыми зерттеулердің азаюымен байланысты осы салаға берілетін гранттардың азаюымен байланысты, сонымен қатар қандай да бір жобадағы адамдар санының азаюымен байланысты болып отыр. Егер бір жобада бұрын 10 адам жұмыс істесе, дәл сол жобаны жалғастыру үшін мүмкін келесі жылы 5 адам ғана жұмылдырылды. Жазира Маратқызы, ҚР СЖРА ұлттық статистика бюросының баспасөз хатшысы
Осы ақпаратты жариялаған kursiv.media сайты әртүрлі ғылыми ұйымдардың кадрлық құрылымына Data-анализ жасап, ғалымдар бір ұйымнан екіншісіне ауыспағанын, демек олар жалпы ғылым жолынан кеткенін жазады. Басылымның тұжырымына сәйкес, еңбек нарығына ғылымдағы табыс деңгейі әсер етуі мүмкін. Мәселен, жоғары оқу орындарындағы ғалымдардың орташа айлық еңбекақысы былтыр 253 мың тг болыпты, ал ғылыми жобамен айналысатын ізденушілердің айлығы 281 мың тг болған. Бұл өндіріс пен қаржы саласындағы мамандардың жалақысынан азырақ.