Алматы полицейлері жезөкшелер үйін анықтады

Сурет: ҚР ІІМ
Мекеме саунасы және 11 оқшауланған бөлмесі бар үш қабатты зәулім үйде орналасқан, деп хабарлайды Zakon.kz.
Түнгі сағат он бірде “жұмыс орнында” екі әкімші мен жеңіл жүрісті бес қыз болды. Сырттан келгендер үшін бұл – сауықтыру массажын жасайтын орын, ал білетіндер үшін жезөкшелікпен айналысатын жезөкшелер үйі. Сол түні біздің бөлімшенің қызметкерлері ірі ТҮ кешенінің бірінде тағы екі жезөкшелер үйін анықтады. Екі пәтерде 12 әйел эротикалық қызмет көрсетті, ал олардың қызметін әкімші бақылап отырды. Айта кетейік, бұл пәтерлер қала тұрғынының дабылы бойынша анықталды. Тіпті, олардың бірінде фейс-контрольдан өткізетін оққағары да болды, – дейді Алматы қалалық ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы Жанат Нұрғалиев.

Үш дерек бойынша жезөкшелікпен айналысуға тұрғын үйді берген үй-жайдың иелері анықталып, жауапқа тартылды, деп жазады Polisia.kz.

Үш жезөкшелер үйінің қызметкерлері мен клиенттері жеке басын тексеру және шара қолдану үшін полицияға жеткізілді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда самокаттарға тротуармен жүруге тыйым салынады

Қазақстандағы лудомандар саны 700 мың адамға дейін жетті

Елордада жеткізу қызметін пайдаланып алаяқтық жасаған азамат ұсталды

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

"Қазақстанда 1 млн адам лудоман" деген ақпаратты Туризм министрлігі жоққа шығарды